"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні бойынша есеп

Жаңауыл бастауыш мектебі

                              2019-2020 оқу жылы

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша қаңтар – мамыр айларында атқарылған жұмыстар туралы есеп.

           «Өзін-өзі тану» пәні адами асыл қасиеттерге жетелейтін, оқушылардың таным деңгейіне әсерлі ықпал ететін, адамның қымбат та, жұмбақ та сырлы нәрсесі – ішкі рухани дүниесін байытатын аса құнды дүние екендігі баршамызға мәлім. Қазіргідей алмағайып кезеңде өзін-өзі тану пәні жас ұрпақты адамгершілік құндылықтарға, адами қасиеттерге тәрбиелейтін бірден-бір пән болып отыр. Осыған орай өзін-өзі тану пәні ұстаздарына артылар жүктің жеңіл еместігі белгілі. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін ұстаздардың алдында рухани дүниесі бай, өмірде кездесетін әр қилы жағдайларға байыппен, сабырмен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу деген үлкен ұлағатты міндет тұр. Өзін-өзі тану пәнінің әр сабағы оқушы үшін ғибратқа, өнегеге толы болары сөзсіз. Бұл пән мектептегі басқа пәндермен біріге отырып, жұмыстар жүргізгенде оның тиімділігі жоғары болатынын уақыт дәлелдеп отыр.

      Мектепте жыл басынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасы мен стандарты бойынша  сабақ кестесіне енгізіліп, оқытылып келеді. «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін 2 мұғалім бар.  «Өзін-өзі тану» бұрышы жасақталды.Рухани- адамгершілік  тақырыбында шаттық шеңберлер ,сынып сағаттар , әңгімелесу сабақтары ұйымдасқан түрде өткізіліп тұрды. Әр бір оқу пәні бойынша «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған сабақтар өтті.Сабақтың тақырыбымен байланыстырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды шаттық шеңберлерде, сергіту сәттерде ,жаңа тақырыптарда ,мәтіндерде  атап өтіп,балалардың назарлары аударылып отырды. Мысалы : 2 сыныпта «Қоршаған ортаны танып білемін. Етістік» (қазақ тілі),4 сыныпта «Қоршаған ортаға қамқорлықпен  қараудың мәні»(дүниетану).3 сыныпта «Өткенді бекіту» (математика) т.б.

      Танымдық қызығушылықты дамытуға байланысты  жұмыстар жүргізілді: сабақта эмоцияналдық жағдай жасалып отырылды, мұғалім оқушылардың интеллектуалдық белсенділігін ояту, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.Әрбір сабақта балалардың өтілген материалдардың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтуде бейне материалдарды қолдана білді. Оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылған жұмыстар сәтті шықты. Оқушылар сабақта мұғаліммен қарым-қатынаста еркін, өз ойларын ашық айта біледі, проблемалық жағдаяттарды талқылауға ынталы. Сабақта оқушылардың бір-бірін тыңдай білу қабілеттерін дамытуға көңіл бөле білу және оқушылардың дәптермен жұмыс жасай білуіне көңіл бөлінді.Мұғалімдер  күнделікті сабаққа жан-жақты ізденіп, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақтарда үнемі интернет материалдарын, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсету, ондағы оқиғаларға байланысты сұрақтар қою арқылы, баланың ой-қиял ұшқырлығын арттыру арқылы оқушының рухани дүниесін дамытып отырады.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік –рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы  Назарбаеваның туған күні –мерейтойына байланысты ақпан айында  жоспарланған бойынша бірнеше іс-шаралар өтті. «Өзін-өзі тану» пәнінен ашық тәрбие сағаттары болды. «Бақытты балалық шақ» тақырыбында концерт ұйымдастырылды. «Мен және табиғат»;  «Менің Отбасым»тақырыбында сурет көрмелер . Мәнерлеп  оқу  сайысы «Алтын  жүрек  анамыз» мәнерлеп  оқу  сайысы өтті.

     "Дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу мақсатымен  1 және 2сыныптарында өзін-өзі тану пәнінен «Дос болуды үйренеміз  » тақырыбымен кіріктірілген сабағы болды. «Дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ,адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыта отырып ,айнала қоршаған ортаны құрметтей , адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу мақсаттары алға қойылған еді.

     22 сәуір – Жер Ана Күніне орай  оқушылардың  мейірімділік,жақсылық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту ,әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткіздіру, баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу,өзіне, ата – анасына,туған жеріне , Отанына деген сүйіспеншілікке байланысты ой – өрістерін  дамыту,сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, жандарын нұрландыру, көңілдерін қуанышқа бөлеу, тәрбиелеу мақсатымен «Аялайық Жер Ананы-тіршіліктің көзін»  тақырыбында қашықтық  іс-шара ұйымдастырылды.

       Оқушылар қашықтықта  «Тілек шоғы» ойынын ойнап ,бір-біріне жақсы тілектер айтты.Сүйіспеншілік туралы «Қызғалдақ» атты ағылшын ертегісін тыңдап , мазмұны бойынша талқылау жүргізіп , өз ойларын ортаға салды, бейнероликтер тамашалады.

        Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен,  сүйіспеншілікпен ,шын көңілмен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді. Жер Ананы аялап , қамқорлық , жақсылық жасасаң,ол өзіңе қайта оралады

 деген қорытынды жасады. «Біз бәріміз бірдейміз» деген қашықтықтан  ұйымдастырылған шараның мақсаты Қазақстанда түрлі мәдениеттегі  ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүретіні, бейбітшілік бізлің ең басты байлығымыз екенін тәрбиелеу болды.

Жаңартылған күні: 11.04.2019 10:05
Құрылған күні: 18.05.2020 19:03

Текст