|
||
Күні: Сынып: 2 Пәні:Қазақ тілі 88-сабақ |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Мұғалім: Махметова Г.Н. |
|
Сабақтың тақырыбы |
Ұлтымыздың салт-дәстүрін білгенің жөн. Зат есім |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.4.2.3* сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату 2.2.4.1мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негігі ойды анықтау |
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: зат есімдерге сұрақтар қоя біледі Көбі: Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады Кейбірі: кім?кімдер?не ?нелер?сұрақтарын қандай зат есімдерге қойылатынын анықтай алады. |
|
Жетістік критерийлері |
Кім?Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады. - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады -Өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу |
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиеттік оқу,жаратылыстану |
|
Тілдік құзыреттілік |
Зат есім, сын есім, етістік, сан есім |
|
Алдыңғы білім |
Зат есім |
|
Сабақ барысы |
||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Психологиялық дайындық
Сөз таптары туралы не білеміз?Сөз таптарын атайды,сұрақтар қояды.(ламинатталған парақшаға оқушылар сұрақтарға жауап беретін бір сөзден жазады) (Ұ)Зат есім. Сын есім.Етістік.Сан есім Мысалы: оқушы,білімді ,оқыды,бес |
|
Сабақтың ортасы 30 минут
|
1-тапсырма.Сөзжұмбақты шеш!Сөзжұмбақты дұрыс шешсек сабағымыздың тақырыбы шығады
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау (Ұ;ҚБ)2-тапсырма «Адасқан суреттер!»Суреттерді дұрыс орналастыр. Кім? кімдер? не? нелер? Күйші торғай Сатушы қайың Оқушылар сиыр Тігінші мектеп Биші таулар Ана сәби
Неге осылай суреттерді топтастырдыңдар? Қандай ереже шығаруға болады? ЕРЕЖЕ:Адамға қатысты сөздерге кім?не?,заттар мен жануарларға не?нелер?деген сұрақтар қойылады. (Ж;ҚБ)3-тапсырма:5.Жұмбақты түсініп оқы - мазмұны бойынша сұрақтар қой және жауап бер -Кім?не?сұрағына жауап беретін сөздерді тап. (Ө;ҚБ) 4тапсырма.16-жаттығу . (Т;ҚБ)5-тапсырма 5-тапсырма Мәтінді қатесіз көшіріп жаз «Дұрыс-бұрыс»ойыны (АКТ) Не?нелер?деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді ажырату |
|
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия -Бүгін сабақта не білдік? Сабақта қандай тапсырмалар оңай болды?Қандай тапсырмалар қиындық тұғызды? |
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
|
Оңнан солға қарай оқыса да, солдан оңға қарай оқыса да өзгермейтін сөздерді тауып жазады |
-Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу білігін бағалау -Зат есімдерді ажырату білігін бағалау -Мәселеден хабардар екенін көрсете отырып, өзгелердің пікірін тыңдап,өз ойымен бөлісу білігін бағалау -Ой ұшқырлығын, болжау жасай алуын бағалау |