БЕКІТЕМІН:
«Жаңаауыл ауылының
бастауыш мектебі» КММ
меңгерушісі У.Е.Махметова
2022-2023 оқу жылының
жазғы демалысты және мектеп алаңын ұйымдастырудың
мақсаттары мен міндеттері
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілердің оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттауда орны ерекше. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Мектеп алаңының жұмысын ұйымдастырудың
мақсаты:
Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, мәдениетін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
негізгі міндеттері:
3
Мектеп алаңының жұмысын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер:
Күтілетін нәтиже:
Мектептің жанынан ашылған «Балдырған» алаңының ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспары.
№ |
Өтетін іс-шаралар |
Уақыты |
Жауапты |
|
1. «Қош келдің, көңілді жаз!» тақырыбында салтанатты ашылуы 1.Қауіпсіздік ережесі 2. Футбол ойыны |
02.06 |
Сынып жетекшілері |
2. |
Патриоттық күн Таңғы жаттығу (қабылдау) 1.«ҚР Мемлекеттік символдары» викторина 2. «Гүлдене бер, Қазақстан!» тақырыбына сурет салу сайысы |
05.06 |
Сынып жетекшілері |
3. |
1. Таңғы жаттығу (қабылдау) 2. «Табиғатты аялайық!» табиғат аясына саяхат |
06.06 |
Сынып жетекшілері |
4. |
Үйірме күні Таңғы жаттығу (қабылдау) 1.«Мен шебермін!» шеберлік сағат |
07.06 |
Сынып жетекшілері |
5. |
Ұлттық ойындар күні Таңғы жаттығу (қабылдау) 1. Асық атқан озар...» 2. Шахмат, дойбы сайысы |
08.06 |
Сынып жетекшілері |
6. |
Спорт күні Таңғы жаттығу (қабылдау) 1. «Біз жүйрікпіз, шапшаңбыз» эстафеталық ойын |
09.06 |
Сынып жетекшілері |
7. |
Ертегілер еліне саяхат Таңғы жаттығу (қабылдау) 1. Ерте,ерте,ертеде ... 2. «Сен білесің бе?» танымдық мультфильм 3. Таза ауадағы ойындар |
12.06 |
Сынып жетекшілері |
8. |
Еңбек күні Таңғы жаттығу (қабылдау) «Тазалықты сақтаймыз,гүлдерді де баптаймыз» |
13.06 |
Сынып жетекшілері |
9. |
Кітап күні Таңғы жаттығу (қабылдау) «Мен оқимын, сен де оқы» |
14.06 |
Сынып жетекшілері |
10. |
Шығармашылық күні Таңғы жаттығу (қабылдау) «Асфальттағы суреттер» |
15.06 |
Сынып жетекшілері |
11 |
Алаңның салтанатты жабылуы |
16.06 |
Сынып жетекшілері |