Тәрбие сағаты
Менің құқықтарым
Мақсаты:Оқушылардың , заң, құқық, міндет туралы білімдерін кеңейту.Сөздерінің мағынасын ашу,дұрыс түсінік қалыптастыру, дұрыс сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Өз Отанына деген сүйіспеншілдік сезіміне тәрбиелеу.
К: көгершіндер,Қазақстан картасы, үлестірме-таратпалар.
Әдіс-тәсілдер:дөңгелек үстел, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын-жаттығулар,
шығармашылық жұмыс
Тәрбие сағатының өту барысы.
I.Қызығушылықты ояту
А)Психологиялық дайындық
Жайлы жағдай орнату. Сыныпты топқа бөлу
1-топ Құқық 2-топ Міндет
-Бүгінгі сабағымызда не туралы білеміз деп ойлайсыңдар?
(Оқушылардың жауаптары)
Екі оқушы арасында жүргізілетін сұрақ-жауап.
-Сен ең алғаш мектепке кіммен келіп едің?
-Партада кіммен бірге отырдың?
-Сол кезде мектепке не үшін келгеніңді білдің бе?
II. Мағынаны ажырату
1.Сабақтың тақырыбын хабарлау.
Құқық, міндет сөздерінің мағынасын топта оқып талдайды, түсінеді.
Құқық – қоғамдағы адамдардың арасындағы өз ара қарым-қатынасты реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.
Міндет – адамдарға бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.
2.Ата Заңымыз туралы қысқаша түсінік беру
Сен дүниеге келдің. Сол күннен бастап сен ата заңның аясында өмір сүресің.
Қазақстан мемлекетіндегі барлық адамға ортақ заңы-Конституциясы бар. Конституция еліміздің ең басты құжаты. Ол біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз жайлы жазылған парасатты кітабымыз.Міне, сен мектепте өз сыныптастарыңмен бірге отырсың. Сенің барлық адамдар сияқты тегін оқып білім алуға құқығың бар. Сен осы мектеп қабырғасынан орта білім алуға міндеттісің. Білім ордасы мектебің, мына отырған кең, жарық бөлмең сенің жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа адал қызмет етуің үшін жасалған.
3. «Ата Заңым-алтын таңым» тақырыбында өлең шумағын жатқа айтады.
Ата Заңым, алтын заңым – ардағым,
Аялаған азаматтың арманын.
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабың, тарауларың, тармағың.
4.Ойын – жаттығу: «Бәріміз бірге!»
1-топ оқушылары кезекпен айтады.
15-бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16-бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29-бап.ҚР-сы азаматтарының өз денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2-топ оқушылары кезекпен айтады.
30-бап. ҚР-ның азаматы орта білім алуға міндетті.
36-бап.ҚР-сын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
5. «Балалар құқығы туралы конвенция»
Мұғалім: Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20-қара-шада «Балалар құқығы туралы конвенция» қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз қол қойды.
Конвенцияда не туралы айтылғанын білесің бе?
Құқылы Міндетті
Құқылы
*Бала өмірге келісімен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
*Әрбір бала өз отбасында ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
*Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы.
*Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
Міндетті
*Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға міндетті;
*Басқа адамдардың құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға міндетті;
*Табиғатты қорғауға міндетті;
*Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті;
6. Топтық жұмыс «Менің Отаным – Қазақстан»