Мектептегі тамақтану құнарлы, теңгерімді, дәмді, тартымды, алуан түрлі, қолжетімді, қауіпсіз, сондай-ақ экологиялық таза және ғылыми негізделген болуы тиіс. Бұл мектептегі түскі ас балалардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігінің шамамен үштен бірін қамтамасыз етуі, сондай-ақ ақуыздардың (энергияның шамамен 15 пайызы), майлардың (30 пайызға дейін және ең бастысы қанықпаған майлар есебінен) және көмірсутектердің (55 пайызға дейін, мүмкіндігінше клетчатка құрамы жоғары) ұтымды арақатынасын көздеуі тиіс дегенді білдіреді.
Балалардың өсуі мен дамуы, сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін диетаға витаминдермен байытылған майлылығы төмен сүтті, сондай-ақ тірі пробиотиктері бар ашытылған сүт өнімдерін енгізу қажет. Мектеп рационында көкөністер мен жемістердің болуы маңызды. Бұл ретте қант, тұз және қаныққан майларды, әсіресе қайта өңделген өнімдер құрамында тұтынуды барынша шектеу және құрамында қант бар сусындардан бас тарту қажет.