"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мерекесінің сценарийі

16.03.2019

Наурыз –думан»

Мақсаты:

1.Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.

2. Окушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.

3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

 

 

Айқын

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

Құтты болсын мереке,

Болсын думан береке!

 

Әдемі

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Жас балаша нұрланып,

Жадырасып бәріміз.

Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар.

Халық сүйген мейрамды

Қарсы алайық Наурызды!

 

Ән:- « Хош келдің,төрлет,Наурызым                                                                                       

 

Алаш:

«Наурыз» тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің,

Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңін

 

Ерасыл:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

 

Ән:- «Наурыз»

  

 

Айқын

Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп тасып өткен.

Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

 

Ахмет:

Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай.

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

 

Әдемі:

Ауру да сырқатынан суығардай,

Жоқ-жітік уайымсыз тойынардай.

Наурыздың шаттық шашқан шашуынан,

Қыс қыспаққа дәу нүкте қойылардай.

 

Көрініс « Аяз бен Қыдырдың айтысы»

 

Алаш  

Уа,  халайық!  Бүгін  ұлыстың  ұлы  күні.  Ата-бабаларымыздың  сөзімен  айтсақ, ақ  түйенің  қарны  жарылған  күн.  Наурыз  мейрамы.  Наурыз

 салтанаты. 

 Әлішер

Наурыз-жаңа  күн,  яғни  жаңа  жылдың  алғашқы  күні.  Жыл  басы.  Бұл  біздің  халқымызда  Күн  мен  Түн  теңелер  мезгіл-Наурыз  айының  22-ші  жұлдызына  сәйкес  келеді.  Бұл  күні  аталарымыз  бен  әжелеріміз  үй-үйді,  ауыл-ауылды  аралап,  наурыз  көжеден  дәм  тататын.  Үлкен-кішіге  ақ  баталарын  беріп  ізгі  тілек  тілесетін.

 

Ахмет

«Ұлыс  күні  қазан  толса,  ол  жылы  ақ  мол  болар,

Ұлы  кісіден  бата  алса,  сонда  олжалы  жол  болар»  деп  нақыл  айтып,  ауыл  арасын  ауыз  бірлікке,  татулыққа,  ынтымаққа  шақыратын.  Жыл  басы-Наурыз  күні  айтылған  бұл  тілектер  ақ  болып,  толық  орындалады  деп  ырым  ететін. 

 

Әдемі 

Ғасырлар  бойына  атадан  балаға  мұра  болып  жатқан  дәстүрлі  осы  Наурыз  тойы  бүгін,  міне  тағы  есігімізді  ашып  отыр.

 

 

 

 

 

Әлішер:

Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

 Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,

 Наурызың құтты болсын, қазақ елі.

 

Байырхан:

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

 

Алдар көсе мен Шығайбай (сахналық көрініс)
Алдар: Ассалаумағалейкум, байеке! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Анау алыс шалғайдан наурыз тойы болған соң құдайы қонақ болып қыдырып келдім. Наурыз құтты болсын!
Шығайбай: Әй, Алдар, қайдағы наурыз мерекесін айтып тұрсың?! Той тойлайтын жайым жоқ! Қыстың қандай қатты болғанын өзің де көрдің емес пе! Соятын мал да жоқ, өзі қыстан бәрі арық болып шықты.
Бәйбіше: Байеке-ау, о не дегенің?! Алдар жақсы келді. Бүгін расында да жай күн емес, Ұлыстың ұлы күні ғой. Күн мен түннің теңелген күні, жер ананың жібіген күні. Жаңа жылымыздың келген күні ғой! «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болар» деп бекер айтылмаған ғой. Пейіліңді кеңейтсеңші! Мен наурыз көже пісірейін!
Шығайбай: - Бәйбіше сөзіңнің жаны бар-ау деймін! Ал, Алдар, жүр үйге кірейік! О,Алдыкен  мерекеге қош келдің. Көріспегелі көп болды (Екеуі төс қағыстырады).Ал балалар сендер де төс қағыстырып бір бірімен көрісіңдер.Бір –біріңе жақсы ізгі тілектер тілеңдер.


Жүргізуші:   Шаттанып бүгін жаңа жыл
                       Халқына шашып жаңа нұр.
                       Келеді Қыдыр атамыз
                       Жүректен төгіп жаңа жыр.
(Алдар көсе мен Шығайбай Қыдыр атаны қарсы алып, төрге шығарады)

Қыдыр ата:
Ау, аман ба, жараңдар!
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң, естіліп тұр шаттық ән.
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам – бұл!
Қарсы алайық тұрыңдар!
1-жүргізуші:

Армысыз әлемнің алтын шырағы,

Күн-Ана! Төрлетіңіз!

Күн- ана
Сәлем ата-аналар!
айналайын, балалар!
Қыдыр баба аман ба?
жаса жайлы заманда
Уақыт үдеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға!

Күн-Ана:

-О, Қасиетті Жер – Ана!  Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін өзіңнің гүл Көктеміңді, Ару-Көктемімді шақырғалы отырмын.

                   (Ортаға жасыл киіммен «Көктем Аруы» шығады)

Ару-көктем: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жаңа жыл жақсылыққа толы болсын!

Қудым жерден суықты,

Қырдан салқын бу шықты.

Ұлыс күнге бүгін мен,

Жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің,

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.
( Алдар қонақтарды төрге шақырады)

 

Ал, халайық, тұрмайық,

                      Әндетейік жырлайық!

                      Ортамызды ашайық,

                      Ырыс тілеп бұл жылға,

                      Жырдан шашу шашайық!

1. Балалардың наурызға әзірлеген тақпақтары

Елдар                      Жаңа күн ол  ― жыл басы,

                                    Жиырма екісі наурыздың.

                                   Наурыз айда ― төл басы,                 

                                   Бүршік атар бау біздің.

 

.

 

Айша                 Осыншама жақсылық

                          Алып келдің, Наурызым!

                          Төрлет бізге нұр болып

                      Шуақ шашып нұр жүзің

 

Азамат                      Арпа, бидай бастаған

                                   Жеті дәмнен аспаған.               

                                   Наурыз көже ― көп көже ―

                                    Бұл тойдағы бас тағам.

 

Әжелер  шашу  шашады.

1 әже:

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

2 әже:

Шашу,  шашу.  Көп  шашайық  шашуды,

Жауғандай  көк  аспаннан  нөсер  жаңбырдай.

Уа,  жамиғат  жинап  ал  несібеңді,

Ризығың  болсын  көл-көсір.

Қашанда  құт - береке  орнасын  деп,

Тойларда  шашу  шашу-салты  елімнің,

Уа,  халайық  теріп  ал  мәмпәсиді,

Қабыл  қылсын  халқымның  ақ  тілегін.

ӘН «         Наурыз-көктем                                »

 

                               Ұлы күнде халайық,

                                Қалай қарап қалайық,                       

                                Сәйгүліктей ағайық,

                                Жасын болып жанайық.

                               Ортамызға шақырып,

                               Бабамыздың Қыдырдай

                                   Ақ батасын алайық!

Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қызыр бабамыздың ақ батасын алайық

 

Қыдыр ата (бата береді):
Сұрасаң, міне, бата,
Дарысын Қызыр ата
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Әр күнің жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын!
Білім-өнер серік болсын! Әумин!

 

 

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын!

Қош, сау болыңыздар, халайық,

Көріскенше күн жарық болсын!

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст