"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту

16.03.2019

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету.

Бастауыш сынып  оқушыларының оқу техникасын жақсарту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер.

Функционалды сауатты адамды қалыптастыру - қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бipi. Функционалды сауаттылықтың негізі бастауыш сыныптарда қаланады. Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты - оқу және жазу дағдыларын калыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің, озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалык, талғамын арттыру, ізгілікті- елжанды дара тұлға тәрбиелеу. Аталған мақсатқа төмендегідей міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі: оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру; ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту;  шығармашылық қабілетін дамыту; көркем шығармаларды оқуға сүйіспеншілігін арттыру;

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігіне елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының тұлғacы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу ic -әрекетінің компоненттерін меңгepyі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларыньң қалыптасу деңгейі анықтайды. Жалпы оқу дағдыларының бip саласы - оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес. Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты қазақстандық ғалымдардың сүбелі еңбектерін кездестіре алмадьқ. Төменгі сынып оқушысының оқу шапшаңдығын қалыптастырып, жетілдірудің жоғары деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуде жақын шетелдік ғалымдар технологияларының маңызы айтарлықтай.  Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету бағытында істелетін жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері. Бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау.Ғылыми әдебиеттерді зерделеу. Бастауыш сатыдағы «Сауат ашу» пәнінің оқу шапшаңдығын арттырудағы маңызына талдау жасау. Оқу процесін зерттеу мен оның бастауыш сатыдағы даму ерекшеліктеріне байланысты ғалымдардың сүбелі еңбектері зерделенеді. Оқу шапшаңдығын тежейтін қиындықтар мен кедергілер анықталады.. Жобаның теориялық негіздемесі Оқу шапшаңдығын жетілдіруде авторлардың бipi (И, В. Федоренко) алдыңғы орынға оқушының оперативті жады мен зейінін шығарса, eкіншici- ерекше жаттығулар жүйесі мен оларды бірнеше дүркін қайталауды, үшіншici - ақпаратты құндылықтық тәсілді   төртіншісі- оқу дағдысының әртүрлі сапаларын есепке алу ерекшелігін   шығарады.  

1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес, жиілігі маңызды. Балаларға қандай-да бip біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бip уақыт аралығында, олармен күнде - күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет. Біз күнделікті өмірде мынадай жәйттерді жиі естиміз: «Мына ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға бармайсың...». Баласының - оқу шапшаңдығының төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді. Сондықтан үйдегі дайындық әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен аяқталады. Бір - екі сағаттан соң тағы 5 минут оқиды. Ұйықтар алдында тағы бip рет оқиды. Бұндай дайындық біp отырғанда 6ip жарым-екі сағаттан оқуға қарағанда әлдеқайда тиімді.

2. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы бip мезгілде, бір-біріне бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, 6ipeyлepi тез оқыса, енді 6ipi баяу оқиды. Ызыңдап оқуды сабақтың кез келген кезеңінде жүргізе беруге болады. Математика сабағындағы есептің немесе кейбір тапсырмалардың мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түpiн пайдалану өте тиімді.

3. Әр сабақтағы бес минуттық оқу. Егер мұғалімнің үлесінде үш-төрт оқу сабағы болса, онда бір аптада 25 оқушының әрқайсысы 6ip-екі peт оқу мүмкіндігіне ие болады. Ал әр сабақ сайын (қазақ тілі, математика, дүние тану т.б.) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады.

4. Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы cәттepi адамның (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады, сегіз caғaт ұйқының барысында адам coл cәттің әсерінде болады.  

5. Үзінділермен оқу. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады. Оқудың бұл түрін ата-aнaлapғa кеңес ретінде беруге болады.

6. Бірнеше дүркін оқу. В.Н.Зайцев жүйесінен үш типті жаттығуларды бөліп алады. Бірнеше дүркін оқу жаттығуы төмендегіше жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың барлығына бір минут барысында оқып шығуды ұсынады. Әp6ip оқушы өзінің 6ip минут ішінде оқыған сөзін белгілейді. Оқу қарқыны оқушыға жағымды көңіл- күй әкелгендіктен, ол қайта-қайта оқығысы келеді. Әр оқушының оқу қарқыны әр түрлі екені ecкepiлyi тиіс. Сондықтан_көлемі бірдей үзінділерді ұсынуға болмайды. Алайда бір үзіндіні үш реттен артық оқуға болмайды.

Жаңылтпаш қарқынымен оқу кезінде оқудың мәнерлілігіне көңіл аударылмайды. Бұл жаттығу артикуляцияны дамытуға арналған. Жаттығу 30 секундтан аспайды. Әpi қарай мұғалім үшінші жаттығуды ұсынады. «Енді , балалар , мәтінді қайта оқыңдар, бірақ асықпай әдемі, мәнерлі оқуға тырысыңдар».  

7. Дауыстап оқу. Шамамен балалардың үштен бip бөлігі дауыстап оқуда қиналады. Бұл балалардың ауызша сөйлеу дағдысының дұрыс қалыптаспағандығынан. Көп жағдайда мұндай балалардың сөйлеуінің дамуында кемшіліктер бар. Мысалы, тілі кеш шыққан балалар көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, айтқан дыбыстары анық емес т. с. с. Бұндай балалар ерекше назар аудару тобына жатады. Өйткені, бұл балаларда сөйлеу мәнеріндегі аздаған жетіспеушіліктер сақталып отырады. Бұл дыбыстың бұзылып айтылуы, сөздік қорының аздығы, сөзді дұрыс қолданбауы, суреттеу мен әңгімелесудің балаға қиындық туғызуы. Сондықтан да осы балалармен тіл дамыту жұмыстарын жүргізу керек. Тіл дамуының жоғарғы деңгейі баланың оқу жылдамдығын арттырады және бала оқып тұрғанын тез түсінеді. інің негізгі сипаттамалары.

Оқудың техникалық және мағыналық жағы болады.Оқудың техникалық жағы төмендегідей компоненттерді қамтиды: оқу тәсілі , оқу жылдамдығы, оқу жылдамдығының динамикасы (өciмі), оқудың дұрыстығы. Мағыналық жағы: мәнерлілік және оқылғанның мазмұны. Оқу тәсілі мен оқу шапшаңдығы, шапшаңдық пен динамиканың арасындағы өзара байланыс тағайындалды.   Ғалымдардың пайымдауынша, баламен оның мүмкіндігіне сәйкес жұмыс жүргізілуі керек, егер бала буындап оқыса, оған соғұрлым көбірек буын саны аз сөздер ұсынылуы қажет. Жалпы оқу барысында баланың оқыған сөзді түсініп оқуы үлкен маңыз атқарады.Оқу турлерін салыстырып қарайтын болсақ, түсініп оқу алдыңғы орында тұрады. Оқу – сөйлемнің мазмұнын түсініп, ақпарат қабылдау үшін қажет. Оқыту барысында осыған көп көңіл аударылады. «Оқы, не түсіндің?» - деп сұралады. Бала сөздің мағынасын түсінгенше қайталап оқыту жүзеге асады. Бұндай оқу барысында оқушының оқу жылдамдығы төмендейді. Минутына бағдарлама талабындағыдай сөз көлемін оқып берген бала одан еш нәрсе түсінбесе, одан тапқан пайдамыз қайсы? Сондыктан баланың оқу шапшаңдығы мен түcіну шапшаңдығын қатар дамыту керек. Мәнерлеп оқу - көркем сөздің үлгісі. Ол адам ceзімін оятып, кісінің жан дуниесіне әсер етеді.   Оқушылaрдың жaс ерекшеліктеріне сaй сaбaқ бaрысындa сергіту сәттерін, тaпсырмaны үйлесімді әрі ұтымды ұйымдaстырылуы керек деп есептеймін. Оқушының өзін жеке тұлға, құзырлы екенін сезінуге үлкен мүмкіндік бaр. Сaбaқтaрдa оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тaлaпқa сaй, тиімді қолдану керек деп ойлaймын. Үнемі іздену ғана нағыз тұлғаны қалыптастырады. Қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын құзырлы тұлғаны қалыптастыру біздің міндетіміз.

 

                                                     Бастауыш сынып мұғалімі  Махметова Г.Н.

Просмотров: 592


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст