"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаауыл ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанааул отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ

18.03.2019

«Бекітемін»

Мектеп меңгерушісі

___________

Махметова У.Е. 

 

 

"Адал ұрпақ» клубының мүшелері

 

 

                                                 1. Махмет   Алаш

                                                  2.Кауди  Ерасыл

                                                  3.Сұраған Айқын

                                                  4.Кауди Әдемі

                                                  5.Жамбыл Ахмет

 

"Адал ұрпақ» клубының ұраны

 

Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
 

Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
 

Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
 

Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
 

Егеменді өсер елде тұрам Мен,
 

Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
 

Жолыменен Елбасының жүрейік,
 

«Жемқорлыққа жол жоқ!»- деген ұранмен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылында арналған мектепішілік ерікті        «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспары

Іс-шаралар

сынып

мерзімі

жауаптылар

1

«Адал ұрпақ»клубы секциясы, қызметін ұйымдастыру, жұмыс жоспарын бекіту.

-сыныптардан үміткерлерді сайлау

- ақпараттық стенд

 

 29.09.18 ж

дейін

  

 

Сынып жетекшілері

 

 

 

2

 «Парасатты азамат» ақпараттық бұрыш

1-4 сынып

05.10.18ж дейін

Сынып жетекшілері

 

3

Сынып сағаттары:

-  «Адал болу адамға не үшін қажет»

 

1-4

сынып

 

26.11.2018

 

 

 

 

Сынып жетекшілері

 

 

4

Еліміздің сайлау қағидаттарына сәйкес «Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рөлдік ойыны

 1-4

сынып

 6.12.2018ж

 Сынып жетекшілері

 

5

 «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі»оқушылар арасында суреттер байқауы

 

1-4

сынып

18.01.2019ж

  Сынып жетекшілері

 

6

Театрлық қойылым(көрініс):

Ұят пен адалдық туралы

1-ші сыныптар,

-Мейрімділік пен қайрымдылық 2-ші сыныптар, 

-Жауапкершілік құндылықтары туралы

 3-ші сыныптар,

Адалдық пен әділеттілік туралы

4-ші сыныптар

 

1-4

сынып

 

15.02.2019ж

дейін

 

Сынып жетекшілері

 

 

7

 

 Эссе байқауы

 

2-4

сынып

 

16.03.2019ж

 

 

8

«Менің құқықтарым» сынып сағаттары

 

19.04.19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

Өткізілген іс-шаралар туралы мектеп сайтына хабарландыру, ақпараттық мәлімет беру

 

үнемі

 

10

Ата-аналар жиналысын өткізу

 

 

Тоқсан сайын

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының

жасаған жұмысы туралы ақпарат

         Жоспарға сәйкес Қыркүйек айында Рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген модельді іс - шаралар жоспарына сәйкес мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Клубқа мүше оқушылардың тізімі, жұмыс жоспары бекітілді. 

Оқушыларға «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мақсаты мен міндеттері таныстырылды.    Рухани адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру.

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

«Парасатты азамат» бұрышы жасалды. Парасатты азамат бұрышының мақсаты; оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне кұрметті, адамгершілік сезімдерге, еңбексүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу.

    1-4 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сынып сағаттары сыныптың жылдық жоспарына енгізіліп, сынып сағаттары өткізілді.

 

 

 

Просмотров: 349


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст